Quantcast
Channel: Музыка - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Нүктелі нота

$
0
0

Сыныбы: 4                                                   

Тақырыбы: «Нүктелі нота»

Мақсаты:

  1. Білімділік: нота ұзақтығы туралы білімдерін кеңейту.
  2. Дамытушылық: әнге деген сүйіспеншілігін арттыру.Ән айту дағдыларын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Отанды сүюге, туған жердің табиғатын аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: аспап, үнтаспа, оқулық, слайд,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесемін, түгендеймін, назарларын сабаққа аударамын.

  1. Үй тапсырмасын сұрау – Альтерациялық белгілер - диез, бемоль.
  2. Жаңа сабақ: Нүктелі нота
  3. Оқулықпен жұмыс;
  4. Дауыс жаттығуы: «Нота үйренеміз»
  5. Музыка тыңдау: Халық әні «Япурай».
  6. Жаңа ән: «Ұрпақпыз біз батыл». әні: Б.Әлімжан
  7. Шығармашылық жұмыс.

Жаңа сабақ мазмұны:

        Музыкада дыбыстардың ұзақтығы әртүрлі болады. Бірі созылып, ұзақ  айтылса, бірі қысқа айтылады. Дыбыстардың созылуының әртүрлі болып келуін ноталардың ұзақтығы дейміз.

3-сыныпта өтілген ноталар ұзақтығын еске түсірейік. Музыкада ноталардың  қасына нүкте қойылады. Мұндай ноталар – нүктелі нота деп аталады. Ноталардың оң жағында нүкте тұрса, сол ноталардың ұзақтығының  тең жартысындайұзақтық қосылады.

Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген мысалдар оқылып, тапсырма дәптерге жазылады.

Жұмбақ.

Кілті бар жолдың басында,

Нүкте тұр жарты қасында.

Жартыдағы сол нүкте,

Ұзартады ширекке,

Енді есеп екі емес,

Үш ширекпен тетелес. (Жартылық нүктелі нота)

Нотамен ән айту айдарымен берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар нотаның қасындағы нүктенің қызметін анықтайды.

7 нотаны алдымен нүктелі бүтін, сосын нүктелі жартылық және нүктелі төрттік нотамен айтамыз.

Дауыс жаттығуы: «Нота үйренеміз»

Күйсандықты ашайық, До-до-до.

Тілдерін біз басайық, До-до-до.

Бас дыбысты басайық, До-до-до

Жайлап әнге салайық, До-до-до.

До,ре, ми,фа, соль, ля, си, до

До,си, ля, соль, фа, ми, ре, до.

Музыка тыңдау: Халық әні «Япурай». Алдымен өзім орындап беремін, сосын әнші Ермек Серкебаевтың орындауында тыңдатамын. Әннің қай тактісінде нүктелі нота кездеседі және сол такт қалай орындалады, соған оқушылардың назарын аударамын. Тақтаға нүктелі нота тұрған тактіні жазып, оқушыларға санатамын.

Жаз болса жарқыраған көлдің беті

Көгеріп толқындайды, япурай, алыс шеті.

Дірілдеп толқын басқан мөлдір суын,

Шайқайды жас баладай, япурай, желдің беті.

Алтын бу ақ көбіктен бетін жабар,

Судан бу көкке төніп, япур-ай, маржан тағар.

Есіме ақ еркемді алған кезде,

Ақмаржан жалт-жұлт етіп, жерге тамар.

Жаңа ән: «Ұрпақпыз біз батыл».

 Музыкасын жазған: Бағдат Әлімжан;

 сөзін жазған:            Құдайберген Қазбек.

Әнді үйрену барысы:

 а) әннің тональності:—— до-минор

 ә) әннің өлшемі:—— 2/4

 б) әннің көңіл күйі:— салтанатты, шаттана;

 в) кездесетін динамикалық белгілері:— f, mf, rit;

 г) кездесетін нүктелі ноталар:— 2,6 тактілерде кездеседі.

 д) әннің мазмұнын талдау:

  1. Айдынды көлдің, киелі жердің.

Боламыз біздер, қорғаны елдің.

Жүректе жалын,ту еткен арын,

Отанға, елге қиятын жанын.

  1. Жауына татыр, Баукеңдей батыр

Рухына биік боламыз батыл.

Көк туды мәңгі түсірмей көктен

Ұстаймыз біздер айнымай серттен.

  1. Жігерін жанған,намысын ұштар,

Ұрпақпыз алғыр білімге құштар.

Ақ ниет тілеп тұсауын кескен,

Тәуелсіз елде тәуелсіз өскен.

Әнді әуелі өзім орындап беремін, сосын оқушыларға нотасын оқытамын, нүктелі ноталарға тоқталамын.

Топпен жұмыс: Оқушыларды 3 топқа бөлемін. Олар тұрақты дыбыстар До,Ми, Соль.1-ші До тобы; 2-ші Ми тобы; 3-ші Соль тобы.

Диктант жазғызамын.1-ші топқа тапсырма – ноталарды нүктелі бүтін нотамен жазу; 2-ші топқа тапсырма – ноталарды нүктелі жартылық нотамен жазу; 3-ші топқа тапсырма – ноталарды төрттік  нотамен жазу.

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратып беремін. Онда «Білдім», «Білгім келеді», «Үйрендім» деген сөздер бар. Оқушылар толтырып, әр топтан 1 оқушы жауап береді.

Үйге тапсырма: Әнді жаттау, нотасын дәптерге қатесіз көшіру. Шығармашылық жұмыс: жартылық және төрттік ноталарды 4 такт нүктелі нотамен жазып келу.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>