Пәні:Музыка
Өткізген:Атырау қаласы,И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі-
Ермекова Амина Кабидоллаевна
Сыныбы: 4
Тақырыбы:Өнер әлеміне саяхат(Интеллектуальды шоу-думан)
Мақсаты:1.Оқушыларды шығармашылық өнерге баулып,олардың бойындағы талант пен өнер қасиеттерін одан әрі дамыту.
2.Қазақ халқының салт-дәстүрі мен киелі өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
3.Жас ұрпаққа музыка мәдениеті мен аспаптық музыканы үйрете отырып,Отансүйгіштікке
және де ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Кештің жүру барысы:
I-жүргізуші:Қайырлы күн,өнер сүйер қауым! Ұстаздар,оқушылар!
Бүгін сіздердің назарларыңызға әсем ән мен күмбірлеген күміскүй,көркем би мен
әдеміәзілдер сыйламақшымыз!
II-жүргізуші:Дұрыс айтасың,жалпы халқымыз өнерден кенде болмаған!Жан тебірентер
жырлар,күмбірлеген күйлер,ең бастысы құлақ құрышын қандырар әндер ұрпақтан-ұрпаққа тарап,бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
I-жүргізуші: Мен де саған қосыламын,Арсен! «Ән көңілдің ажары»демекшік кәусар сезім мен көңіл,
шалқыған шаттық,буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз!
II-жүргізуші: Тағы да орынды айттың!А,айтпақшы Аружан сен білесіңбе?Бүгін біздің өнерлі өрендеріміз
яғни сыныптастарымыз көрермен қауымға жаңа әндер мен жаңа бағдарламалар ұсынады.
I-жүргізуші: Ендеше,Арсен!Көрерменді көп күттірмей,«Өнер әлеміндегі саяхат»аттыкешімізді бастайық!
II-жүргізуші:-Көңілдері марқайып бір қалсыншы,
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
Кешіміздің алғашқы шымылдығын әсем әнмен ашқалы отырмыз.Сіздердің алдарыңызда
Аружанның орындауында «Ана туралы»әсем әнді қабыл алыңыздар!
(ән орындалады)
II-жүргізуші:-Аружан даусың қандай тамаша!Сен өскенде кім боласың?
I-жүргізуші:Болашақта журналист болғым келеді.Жай ғана журналист емес,үздік журналист болу!
Айтпақшы оны неге сұрадың?Өзің қандай мамандық иесі болғың келеді?Мен әлі дұрыс
таңдағаным жоқ.Әзіл айтып,әзіл тарататын өнер саласына барғым келеді.
II-жүргізуші:Иә,онда сыныбымызда жаңадан құрылған КВН командасын ортаға шақырайық!Ал сен
соларға қарап ой түзе.
I-жүргізуші:Рас па?Ендеше тезірек ортаға шақырайықшы.
(Ортада КВН командасы өнер көрсетеді)
II-жүргізуші:Аружан,қалай ойлайсың,өнерге нелер жатады?
I-жүргізуші:Менің ойымша өнер деген ұғымға көп нәрселерді жатқызуға болады. Мысалы:ән,күй,би,айтыс,музыкалық аспаптарда ойнау,ақын болу,сурет салу т.б жатады.
Өнер-халқымыздың қанына сіңген ұлы қасиет.Ертеден-ақ өткір тілді халқымыз айтыс өнерін қастерлеген.Біздің сыныпта да талантты кішкентай ақындарымыз бар емес пе?Мүмкін олар болашақта ақын Жамбыл мен Құлманбет аталарымыздың жолын қуар.
Ортаға жас ақындарымыз(Рамазан мен Арсенді)шақырайық.
(Рамазан мен Арсен айтысады)
I-жүргізуші: Арсен,сен қазақ биінің құдіреттілігін білесіңбе?
II-жүргізуші:Әрине білемін,біздің жазирадай кең жайқалған елімізде қазақ әніне,қазақ күйі мен биіне
таңданбасқа болмас.Қазақ биінің орны ерекше ғой!
-Ән шырқаса билеп алар тәніңді,
Өлең жазса,нұрландырар жаныңды.
Бұл кезекте жиналған жұрт,ағайын
Қарсы алайық бишілерді жалынды.
Халық биі:«Ерке сылқым».Орындайтын сыныбымыздың мың бұралған бишілері.Қарсы алайық!
Би:«Ерке сылқым»
II-жүргізуші:Аружан,біздің сыныптың оқушылары шетінен өнерлі екен ғой!Бәрін қайдан үйреніп жүр?
I-жүргізуші: Арсен,ол аз болса,сыныбымызда Қазақ журналистикасы мен сатирасында өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген Базарбек Түкібаев ағамыздың жолын қуып келе жатқан
талантты,дарынды оқушымыз бар.Ол-Жақсығалиев Рамазан.Қарсы алайық!Әзілден шашу шашайық!
(Рамазан:«Базар жоқ»-үзінді)
II-жүргізуші:Халқымды күлкіден айырмасын деп бүгінгі кешімізді жалғастырамыз.Келесі кезекті аспаптық музыка саласына береміз.Біздің сыныптың оқушылары сыныптан тыс,әртүрлі үйірмелерге қатысады.Солардың бірі-Омарқызы Адия фортепиано аспабында ойнайды.
Адияны ортаға шақырайық.
(Орыстың халық әні:Во саду ли,в огороде»шығармасы)
I-жүргізуші: Қазақ халқы үшін домбыра аспабының орны ерекше.Домбыра аспабы- әр қазақтың
төрінен орын алған.
Екі ішек,бірі үсті,бірі асты,
Пернелерін күйшіміз еппен басты.
Тиектен ағытылып ғаламат күй,
Күмбірі шанағында толқып тасы-демекші ортаға домбыра аспабын үйреніп жүрген-Діңмұхаммедті шақырамыз.Оның орындауында халық күйі-Өрнек.
(Күй орындалады)
II-жүргізуші: Аружан,сен қалай ойлайсың?Бүгінгі кеште Рамазанның жұлдызы жарқырап тұрған
сияқты.Ол кейде ақын Мұқағали мен Мұхтар Шаханов ағаларымызға ұқсап кетеді.
Ендеше,көркем сөз өнеріне кезек берейік!
(Көркем сөз оқылады)
I-жүргізуші:Өнер десе елеңдейтін халықпыз,
Өнер барда шалқыған Ақ Жайықпыз.
Әнсіз,бисіз өткен кеші қазақтың,
Көрінеді секілді-ау қызықсыз!
Ортаға сынып оқушыларын шақырамыз.Олар сіздерге арнап,қазіргі заманауи биін ұсынады.Қабыл алыңыздар!(Би:флешбоб)
:
II-жүргізуші:Бүгінгі өнер әлеміндегі саяхатымызды да соңына таяп қалды.Сіздерге әсем ән де,
шебер би де,әдемі әзіл де сыйлай алдық деп ойлаймыз.
I-жүргізуші: Өз еліміздің,Отанымыздың әрқашан қорғаушысы болып жүре беріңдер.Жүректеріңіз Отан деп соқсын!Өнерлерің талмасын!Туған
жерімізді,Қазақстанды қорғау-парызымыз деп біліңіздер!
Ән:«Қазақстан»
Соңы: Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын,балауса жастар,
Қазақтың ертеңі мен мақтаны!
Амандықта жүздескенше сау-саламатта болыңыздар!