Quantcast
Channel: Музыка - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Тұрмыс- салт жырлары

$
0
0

  Тоқсандық  тақырыбы:   Тұрмыс- салт  жырлары

Сабақтың   тақырыбы:      «Той    бастар»  жыры

Сабақтың   мақсаты:   Оқушыларды ұлттық өнегеге тәрбиелеу,    

                     Тұрмыс –салт  жырларымен сусындату, бойына сіңіру.

Білімділік:  Тұрмыс-салт әндерін талдау, насихаттау.

Дамыту:  «Той бастар» жырын сүйемелдеп әндатуге баулу.   

Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі: Видео, DVD, магнитафон таспалары, дидактикалық

                       материалдар, карточкалар, суреттемелер.

Пән аралық байланыс: Шешендік өнер, ана  тілі, дүние  тану.

Пайдаланған әдебиеттер: «Музыка» оқулығы 3сынып «Мұрагер»

                                                бағдарламасы  бойынша.

Автор: А. Райымбергенов, С. Райымбергенова, Ұ. Байбосынова.

Сабақ барысы

уақыты

Жоспары

1

Ұйымдастыру

2 мин

Келісім шарт

2

Өткен сабақты сұрау

4 мин

«Сыңсу» әні.

3

Жаңа сабақты түсіндіру

10 мин

«Жар-жар» айтыс әндері.

4

Музыкалық шыңдау

3 мин

 Салт-дәстүр әндеріне шолу.

5

Әндету

3 мин

«Гүлдерайым» халық әні.

6

Шығармашылық жұмыс

3 мин

Деңгейлік тапсырма

7

Музыкалық ойындар

10 мин

«Қошқар»мүйіз-оюы.

8

Қорытындылау

5мин

«Қоштасу» , «Сыңсу»,

«Жар-жар» айтысы

9

Бағалау

3мин

«5», «4», «3».

10

Үйге тапсырма

2 мин

22-26 бет әңгімелеу.

 

Ұйымдастыру:  Балалар! Дәптерімізді дайындап ,домбыра  аспабының  құлақ  күйін  келтіріп , жаңа сабақты меңгеруге кіріселік!

Жаңа  тақырыпты  меңгерту:  Әңгіме әдісі арқылы:

Нұрпейіс бүкіл елімен келін түсіруге дайындалып абыр-сабыр болып жатады.Сол кезде күйеу жігіттің жолдастарының бірі Нүрпейістін үйіне келі: «Сүйінші, сүйінші, келін келе жатыр»,-деп хабар береді. Барлығы Қуанысып келінді көруге сыртқа шығады. Ел шеттен әкеле жатқан жиын топты көреді. Ауылға жақындай бере Дина келіннің алдынан анасы шығып шашу шашып қарсы алады. Динаның бетін ақ торғынмен жауып үйге кіргізеді. Босағадан аттай бергенде Дина қайын атасына тізе бүгіп сәлем етеді.Бұған риза болган атасы Нүрпейіс: «Көп жаса, балам! Бақытты бол! Кірген қадамың құтты болсын!»,-деп батасын береді. Дина келінді сол жаққа тігілген  шымылдыққа кіргізеді.

Ауыл адамдары бірінен соң бірі отауға кіріп, шымылдықтан сығалап келінді көріп: «Ал, Нүрпейіс, түсірген келіннің қадамы құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!» Дина келіннің атақты Құрманғазының шәкірті деп естіп жатырмыз. Өнерлі келіннің өз еліміздің мақтанышына айналып, өрісіңді кеңейтсін,-деп бата тілектерін айтып жатады. Мал сойылып, қазан көтеріледі. Жиылған халыққа табақ тартылып, ұлы той басталып кетеді. Сол кезде жиын топтын арасынан өнерлі жігіттердің бірі суырылып шығып:

  Музыкалық  шығарма  тыңдау:                 

                      «Той  бастар»  жырын  әндетеді.

-Ал жамғат, тыңдай қал,

Айтатұғын сөзім бар

Сөз атаусыз болмайды

Сөздің аты той бастар.

Үлкенің бар, кішің бар,

Жиналдық жұрт ойынға

Ақыл айтып берейін

Екі жастын тойына,- деп жырдан   шашу  айтады.

Сонымен балалар келін түсіру тойына арналған бастау жырды той бастар дейміз.

 

Домбыра  аспабында  ойнау:

Халық  күйі  «Салкүрең»  ортаңғы  буын № 4 – жаттығу.

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>