Quantcast
Channel: Музыка - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Әуенді сандықша

$
0
0

Білім беру саласы:  Шығармашылық

Ұйыдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:  Музыка

Тақырыбы: «Әуенді сандықша»

Мақсаты:  музыкаға қызығушылығын арттыру, сипаттағы әндерді орындауды, музыкалық  фразалар  арасында тыныс алуды, суретке қарап би түрлерін ажыратуды бекіту. Оркестр мен дирижёрдың қызметін атқара білуге, шығармашылыққа баулу. Музыканы тыңдап, аспаптарда ырғақпен ойнай білуге дағдылануды  жалғастыру.

Көрнекілігі:  ғажайып сандықшалар, бубен, барабан , қоңырау, сылдырмақ  аспаптары, тапсырмалар, күтпеген сәт, дирижердің, оркестрдің суреттері, үнтаспа, интерактивті  тақта, слайд, ағаш аттар, ұпай салатын қорапшалар.

Сөздік жұмыс:  сандықша, дирижёр, оркестр.

Әдіс-тәсіл:  сұрақ-жауап, музыка тыңдау, ән айту, би билеу, оркестрде аспаптармен ойнау.

Оқу іс әрекет кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі

Балаларды көңілді әуенмен қарсы алып, амандасу.

«Серуендейміз, демаламыз» (М.Красев) әуеніне таза ауада серуендеуге шақырады.

Қол ұстасып, зал ішінде еркін жүргізу. Әуен соңында тоқтап, шеңбер бойымен тұруларын сұрайды.

Ал, кәнекей тұрайық,

Шеңберді біз құрайық!

-Балалар, мен сендерге қазір  «Ән жұмбақ» жасырамын, сендер ойланып, әндетіп жауап беруге тырысыңдар!

Көңілді әуенмен келіп, амандасады.

 

Зал ішінде серуендеп, қол ұстасып еркін жүреді.

Шеңбер құрып тұрады.

 

Ұйымдастырушы- ізденушілік

«Ән жұмбақ»:

Әуенмен бірге қосылып,

Әнді кім орындайды?

                          (Әнші)

Домбыра мен қобызда,

Тек әуенді ойнайтын.

Бұл өнердің маманын,

Айтшы кім деп ойлайсың?

                          (Күйші)

Барлық аспап бірігіп,

Бір әуенді ойнайды.

Білсеңдер айтшы балалар,

Бұл топты қалай атайды?

                          (Оркестр)

Музыкалық шығарманы,

Аспаптармен қостаған.

Бірнеше адамнан құралған,

Бұл топты кім басқарған.

                           (Дирижёр)

(Ән жұмбақтың жауабына байланысты суреттер интерактивті тақтадан көрініп тұрады)

Күтпеген сәт: (дирижёр келеді)

-Міне, ғажап балалар бізге кім келді?

Амандасады.

Дирижёр: -Сәлеметсіздер ме, балалар!

Мен кішкентай таяқшамды жоғалтып алдым.Іздеп табуға көмектесесіңдер ме?

Бәрі таяқшаны іздеуге кіріседі. Сандықша тауып алады.

-Міне керемет, мына сандықшаның ішінде не бар екен? Мүмкін таяқша осының ішінде шығар,ашып көрейік,- деп сандықшаны ашып көреді.Сол кезде әдемі әуен ойнайды.

-Міне, ғажап, бұл сандықша жәй сандықша емес, әуенді сандықша екен.Әуен қандай екен?- деп шыққан әуенді ажырытуды сұрайды.

-Дирижёрдың таяқшасы да осында екен, ішінде аспаптар да бар екен. (барабан, қоңырау, сылдырмақ, бубен аспаптарын алады).

-Аспаптарды алайық,

Біз оркестр құрайық,- деп, балаларды оркестрде аспаптармен ойнауға шақырады.

«Ерке сылқым» күйінің әуеніне ойнайды.

-Жарайсыңдар, балалар,

Аспаптарды жинайық,

Отырайық жайғасып

Тынығайық  демалып,

-Әуеді сандықшаны ашып көрейік! Сандықшаны ашып, құлағын тосып тыңдап көреді.

-Балалар, ғажайып сандықша  «Әуенді  тыңдап ажырат» - деген  тапсырма ұсынады. Әуенді тыңдап, қандай әннің әуені екенін анықтайық.

Әуенді – дидактикалық  ойын: «Бұл қандай ән» ойыны.

«Жаңа жыл», «Наурыз келді»,  «Атамекен», «Қызғалдақ»  балабақшасының әнұраны».

Дауыс жаттығуы:  «Жоғары- төмен»

Жаттығуды айтқызып балалардың  дауыс ырғағын бақылайды.

Сандықшаны ашып келесі тапсырманы ұсынады.

Ән үйрену:  «Тұлпарым»

Әнді музыка жетекшісі  өзі орындап береді.Балалардан мазмұнын әңгімелеп беруін сұрайды.Екінші рет орындағанда балалардан бірге қосылып орындауын, шапалақпен  ырғақты көрсетуін сұрайды.

Тағы да әуенді сандықшаны ашқанда әуен

ойнайды.

-Балалар, ғажайып сандықша бізді көңілді ойынға шақырады.

«Бәйге» ойыны:

Ойын шартын түсіндіреді, екі-екі баладан шығып, бәйгеге түсіп жарысады. Белгіленген жерге кім бұрын келсе, сол бала жеңіске жетеді. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Сандықшаны ашады, тағы да әуен ойнайды.

-Әуенді сандықша бізді би сайысына шақырады. (интерактивті тақтадан билеп жатқан бишілердің суреті көрсетіледі)

Би:  «Сайыс би»

Суретке қарап  би элементтеріне қарап қандай бидің қимылдары екенін ажыратып беру.

«Вальс», «Танго», «Қазақ биі», «Аңдар биі».

Жұмбақтың жауабын әнмен қайтаруға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңданыстарын білдіреді.

Амандасады.

 

 

 

Иә, көмектесеміз.

 

 

Бәрі таңырқап қарайды.

 

 

 

 

Әуенді ажыратыады.

 

 

 

 

 

Балалар қалаған аспаптарын алып, оркестрде ойнауға дайындалады.

Ырғақта сезініп, күйді орындап беруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әуенді тыңдап, әннің атын тауып  айтуға  тырысады.

 

 

Жаттығуды көңілдене айтады, дауыстары ашылып, ән айтуға  дайындалады.

 

 

 

  Әнді мұқият тыңдап, сипаттап, мазмұнын әңгімелеп беруге тырысады.

Ырғағын шапалақтап көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын шартын ұғынады.

ойынға қызығушылықпен қатысады, бірінен  бірі өзып шығуға талпынады.

 

 

 

 

 

 

Суретке қарап, би түрін ажыратуға талпынады.

Би қимылдарын көрсетіп билеп көрсетеді.

Жетекші жөндеуші

-Жарайсыңдар, балалар!

-Бүгін бізге кім кездесті?

-Қандай тосын сыйға кездестік?

-«Әуенді сандықша» қандай тапсырмалар ұсынды?

-Әуені қандай екен?

-Қандай ойындар ойнадық?

-Бүгін сендерге не ұнады?

Балаларды жақсы қатысқандарын айтып, мақтап, марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

Көтеріңкі көңіл күймен шығып кетеді.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:  түрлі сипаттағы әндерді орындап, фраза арасында тыныс алуды, би түрлерін ажыратуды.

Түсінеді: аспаптарда ойнап, дирижер болуды, суретке қарап би қимылдарын орындауды.

Қолдана біледі:  меңгерген дағдыларын  әнді хормен айтуды, әнді сипаттап беруді , ырғақты сезінуді.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>