Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,Миялы селосы
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің І санатты
музыка пәні мұғалімі Қанатқали Талғат Қуанғалиұлы
Сабақтың тақырыбы: Маком-өмірден сыр шерткен музыка
Сабақтың тақырыбы: Маком - өмірден сыр шерткен музыка |
||
Сыныбы: 5 сынып |
||
Сабақтың мақсат-міндеттері: |
А) білімділік: |
Маком жанрымен оның өнерінің ерекшелігімен таныстыру,музыкалық мәдениетін, ұлттық музыкасын насихаттай отырып,ұлттық өнерді оқушылардың бойына сіңіру, музыкалық білімін жетілдіру.
|
Ә) дамытушылық: |
Музыкалық қабілетін , іскер-дағдысын,дүниетаны- |
|
Б) тәрбиелік: |
Рухани адамгершілікке, ұлттық рухта тәрбиелеу. Әсемдікке,музыканы түсіне білуге баулу. |
|
Сабақтың типі: |
Білік пен дағдыны қалыптастыру |
|
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ |
|
Сабақтың әдістері: |
Түсіндіру, талдау,ой қозғау ,тыңдау,салыстыру, сұрақ-жауап |
|
Сабақтың формасы:
|
Жеке, топтық |
|
Сабақтың көрнекілігі: |
Интерактивті тақта,, баян, музыкалыұ аппаратура, тақырыптық көрнекіліктер |
|
Сабақтың барысы:
|
||
І. Ұйымдастыру бөлімі: |
Оқушылармен музыка тілімен амандасу,түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
|
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
|
1.Үндінің сұлу сазды рагасы тақырыбы. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы сұрау. Келіңдер,ән шырқайық! 2.Дауыс жаттығуын жасау 3.А.Құнанбаев«Көзімнің қарасы» - әнін жатқа сұрау |
|
ІІІ. Жаңа сабақ: |
" Маком - өмірден сыр шерткен музыка" Ислам халықтарында "маком"атты музыка жанры сақталған.Маком халықтары мен Орта Азия халықтарында кең тараған.Мысалы, араб елдерінде "макам",өзбек пен тәжіктерде "маком", ұйғырларда "мугам",әзірбайжандарда "мугам" болып аталады. Маком вокалды-аспапты немесе аспапты музыка болып екіге бөлінеді.Аспапты маком үндінің рага жанрымен теңдес.Вокалды-аспапты маком бірнеше аспаптың сүйемелдеуінде,жеке орындаушының айтуында орындалады.Орындаушы Шығыстың классикалық әдебиетінің негізін салушы ақындардың өлеңдерін қолданады.Мысалы, Физули,Низами,Науаи, тағы басқа ақындардың өлеңдері. |
|
ІV. Музыка тыңдау.
|
Әзірбайжан мугамынан үзінді тыңдау.
|
|
V. Ән орындау.
|
А.Қоразбаевтың әні "Әгугәй, домбыра" 1.Әсем әуен дала кезіп барады-әй, Әгугәй,әгугәй, әгугәй -ай. Ару балқып,жігіт төмен қарады-әй, Әгугәй,әгугәй,әгугәй-ай. Селт етерлік сезім кетті сел болып, Домбыраның,әгугәй-ай,күй төккенде шанағы. |
|
ҮI.Сабақты бекіту.
|
"Кім шапшаң"- топтарға тапсырма. 1.Маком қай халықтарда кездеседі? 2.Макомның неше түрі бар ? 3.Маком қандай аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады? 4.Маком айтуда кімдердің өлеңдерін қолданады?
|
|
Үйге тапсырма |
· Маком- өмірден сыр шерткен музыка - тақырыбын оқып түсінік айту. А.Қоразбаев "Әгугәй,домбыра" әнін жаттау.
|
|
Оқушы білімін бағалау |
Оқушылардың біліміне қарай бағалау |