Quantcast
Channel: Музыка - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

ДОМБЫРА

$
0
0

ДОМБЫРА

Домбыра - қазақ халқының арасында өте ерте заманда кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқа да үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

  1. Домбыра туралы аңыз. «Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, - деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызында. - Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын алып тастайды. Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт: «Қой, мына қос ішекке тіл бітейін деп түр екен, бір амал жасайын», - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады».
  2. «Ақсақ құлан» аңызы. Қаһарлы қаған кімде-кім ұлының өлімін естіртетін болса, көмекейіне қайнап тұрған қорғасын құюды бұйырады. Сол кезде ешкімнің жүрегі дауаламай тұрғанда, бір домбырашы келіп, «Ақсақ құлан» күйімен естіртеді. Екі көзінен жас аға тыңдаған қаһарлы қаған: «Құй мынаның көмейіне!» - деген бұйрық береді. Домбырашы орнынан ұшып тұрып: «Дат, тақсыр! Мен емес, мына домбыра ғой Сізге естірткен», - дейді. «Олай болса, домбыраның шанағына құй қорғасынды!» - дейді қаған. Содан бері қазақ домбырасының шанағында тесік пайда болыпты мыс.

III. Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келе жатқан батыр жолда тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны ба­тыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, ішектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері халық арасында бұл "шайтан тиек" деп аталып келеді. Ат қылынан тартылған ішекті, тиексіз аспаптар ерте кезде қолданылған.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл - сәл бос бұра.

Нағыз қазақ - қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 83

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>